Tapsyr Русский

Не істеу керегін жазыңыз.Шеберлер өздері ұсыныс жібереді.

Tapsyr Қызылордадағы шеберлерді табуға көмектеседі: сантехник, электрик, тазалау, техника жөндеу, сұлулық және басқа қызметтер. Қосымша тегін.

Сайтта ашу Google Play-де жақында

Өтінім мысалы

Ас үйдегі кран ағып тұр. Ертең таңертең келіп жөндей аласыз ба?
  • Сантехник
  • Ертең таңертең
  • Қызылорда

3 шебер ұсыныс жіберді

  • ЕрланСантехник, 7 жыл5 000 ₸★ 4,9
  • НұрланСантехник, 4 жыл4 500 ₸★ 4,8
  • АсхатҮй шебері, 10 жыл6 000 ₸★ 5,0

Қалай жұмыс істейді

  1. Жазыңыз

    Мәселені өз сөзіңізбен жазыңыз немесе дауыспен айтыңыз. Фото қосуға болады.

  2. Ұсыныстарды салыстырыңыз

    Шеберлер өз бағасын жібереді. Олардың пікірлері мен рейтингін көресіз.

  3. Шеберді таңдаңыз

    Нөміріңізді тек таңдаған шеберіңіз көреді. Жұмыс ақысын оған тікелей төлейсіз.

Қандай шебер керек?

Ең жиі сұралатын қызметтер. Керегі тізімде жоқ болса да, жай ғана жазыңыз: Tapsyr өзі түсінеді.

  • Сантехник
  • Электрик
  • Техника жөндеу
  • Тазалау
  • Сұлулық
  • Үй шебері
  • Репетиторлар
  • Автоқызметтер
  • Құрылыс
  • Жүк тасымалы
  • Бала және қарт күтімі
  • Той және мерекелер

Неге Tapsyr

  • Тегін

    Қазір тапсырыс берушілерге де, шеберлерге де тегін. Жұмыс ақысын шеберге тікелей төлейсіз.

  • Нөміріңіз қорғалған

    Телефон нөміріңізді тек өзіңіз таңдаған шебер көреді.

  • Шынайы пікірлер

    Әр пікірді жарияламас бұрын тексереміз. Бір тапсырыс берушінің бағасы бір рет қана есептеледі.

  • Қызылорданың шеберлері

    Қазір тек Қызылорда қаласында жұмыс істейміз, сондықтан шеберлер жақын жерде.

Сіз шеберсіз бе?

Жаныңыздағы тапсырыстарды көріңіз, бағаңызды ұсыныңыз және клиентпен тікелей келісіңіз. Тіркелу тегін, комиссия жоқ.

  • Өз қызметтеріңізді және жұмыс уақытыңызды таңдайсыз
  • Жұмыстарыңыздың фотосын профильге қосасыз
  • Әр жұмыстан кейін пікір жинап, рейтингіңізді көтересіз
Шебер ретінде бастау

Жиі қойылатын сұрақтар

Tapsyr ақылы ма?

Жоқ. Қазір қосымша тапсырыс берушілерге де, шеберлерге де тегін. Жұмыс ақысын шебермен өзіңіз келісіп, оған тікелей төлейсіз.

Қай қалада жұмыс істейді?

Қазір Қызылордада. Басқа қалаларға кейінірек шығамыз.

Қалай кіремін?

Телефон нөміріңіз арқылы: WhatsApp-қа келген кодты енгізесіз. Құпиясөз керек емес.

iPhone-да қолдануға бола ма?

Иә, сайт арқылы: tapsyrapp.com/app. iPhone-ға арналған қосымша кейінірек шығады.

Аккаунтымды қалай жоямын?

Қосымшадағы «Профиль» бөлімінен немесе осы бет арқылы.